Ақмола облысында терроризм ісі бойынша төрт күдікті іздестірілуде, - де хабарлайды Qamshy.kz облыстық прокуратураның ресми өкілі Талғат Ысқақовқа сілтеме жасап.
Іздеуде жүрген адамдардың облыс аумағында қылмыстық әрекет жасағандарын және азаматтарды өздерінің әрекетіне араластыруға тырысқан деп айыпталуда. Алғашқы жарты жылдықтың өзінде қылмыстық істерді қарайтын органдар терроризм және экстремизм дерегі бойынша 5 сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастаған. Талғат Ысқақов қазір ол деректер бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
-Терроризм Ақмола облысында айналып өтпеді. Аймақ аумағында террористік қылмыс жасады деген күдікпен 4 адам іздеуде. Терроримзнің біздің қоғам үшін бас ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, оларға лайықты түрде қарсы тұрып, жолын бөгеп, алдын алуға тиістіміз, – дейді прокурор.