ҰБТ: Парақор ұстаздың құны – 450 мың теңге

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Ұлттық бірыңғай тест науқаны кезінде заң бұзған алғашқы азамат ұсталды. Оңтүстік Қазақстан облысында орта мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі 450 мың теңгені пара ретінде алып жатқанда тұтқындалды. Оқиға Ордабасы ауданының Қызылжар ауылында орын алған. Мектеп директорының орынбасары Әдіхан Қайранбек 450 мың теңгеге сынақ қорытындысын өзгертуге уәде етіпті. Өзін қаржы полициясы қызметкерлері тұтқындауға келгенін сезген білім ұясының қызметкері мектеп маңындағы үйлердің біріне қашып, кіріп кеткен. Алайда, алаяқ ұстазға бөтен үйдің қабырғасы қорған бола алмады. Қазір, парамен ұсталған азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Әнел Матиева, ОҚО бойынша ЭҚСЖҚКД баспасөз хатшысы:

- Тексеру барысында Қайранбектің қалтасынан 450 мың теңгеден басқа, құжаттары алынды. Сонымен қатар, тағы да бірнеше соманы құрайтын ақша алынды. Ол ақшаны өзінің ақшасы немесе басқа пара берген адамның ақшасы екені қазіргі таңда анықталу барысында.

Тексеру барысында Қайранбектің қалтасынан 450 мың теңгеден басқа, құжаттары алынды. Сонымен қатар, тағы да бірнеше соманы құрайтын ақша алынды. Ол ақшаны өзінің ақшасы немесе басқа пара берген адамның ақшасы екені қазіргі таңда анықталу барысында.

Бекжігіт Мәуленов

Ktk телеарнасы, тақырып өзгертіліп алынды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар