Ақтөбе облысында радикалдық ағым жетегіндегі 215 адам дәстүрлі исламға бет бұрды

/uploads/thumbnail/20170709045236143_small.jpg

Ақтөбе облысында жыл басынан бастап 215 радикалдық ағым ұстанушылар дәстүрлі исламға бет бұрды. Бұған «Аңсар» консультативтік-реабилитациялық орталық жүргізген алдын алу жұмысы ықпал етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2016 жылдың басынан бастап «Аңсар» орталығы мен медресе қызметкерлерінің ішінен құрылған теологтар тобы радикалдық ағым жетегінде кеткендермен 500-ден астам жеке кездесу өткізді. Нәтижесінде 200-ден астам адам дәстүрлі дінге қайта оралды.

Қазіргі уақытта өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды күшейту, халықтың діни сауатын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Алайда әлі күнге дейін Ақтөбе облысында теологтар мен имамдар жетіспейді. Бүгінде облыстың 7 мешітінде имам жоқ.

Қатысты Мақалалар