Тау-кен саласындағы кәсіпорындар ағымдағы шығындарын жабуда қиындық көруде, - деп хабарлайды Qamshy.kz kapital.kz деректеріне сілтеме жасап.
Үстіміздегі жылы тәу-кен өнеркәсібі инвестициялық, операциялық және қаржылық шығындарын жабуға қажет қаржы тапшылығын сезінуде. 2016 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша ірі және орта шикізат өндіруші кәсіпорындардың түсімі шығыстарынан 25 миллиарда кем екенін айтады Finprom.kz сарапшылары.
Қаржының кері сальдосы былтырғы қаңтар-наурыз аралығындағы көрсеткіштермен салыстырғанда төмен болып отыр. Мұндай көрсеткіш 2009 жылғы дағдарыс кезінде байқалған болатын.
Бір сөзбен айтқанда, ірі және орта шикізат өндірушілердің жалпы табысы төмендеуде. 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында осы саладағы таза табыс 507 миллиард теңгені құраған. Бұл 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 15 пайызға жоғары болғанымен, 2011-2014 жылдардың аталған кезеңіндегі деңгейден әлдеқайда төмен.
Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының басты түсімдері (87 пайыз) негізгі қызмет есебінен құралады. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда сатудан түскен ақша 13 пайызға артқанымен, оның жалпы көлемі 2011-2014 жылдардағы көрсеткіштерден төмен болып отыр. Орташа алғанда операциялық қызмет кірістері шикізат бағасының жоғары кезіндегі деңгейден 20 пайызға қалып келеді.
Ағымдағы жылы тау-кен кәсіпорындары былтырғыдан гөрі несиені аз алып отырғаны байқалады. Қаржылық қызметтен түскен түсім сомасы 2015 жылдың бірінші тоқсанынан 37 пайызға төмен.
Инвестициялық түсімдер де 31 пайызға кеміп, 61,7 миллиард теңгені құраған.
Алайда, шығындардың экономиканың тұрақты (2011-2014 жылдардағы) кезеңіндегі деңгейден кемімегені байқалады.



