Тоқтар Әубәкіровтің мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709045509301_small.jpg

Қазақтың біртуар ұлы, Халық қаһарманы, кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды. Еңбек жолын жүк тасушы боп бастап, батыр атанғанша көрген-білгені кітапқа жүк болған ерін бүгін елі ұлықтап жатыр. Әлемдегі теңдесі жоқ 10 ұшқыштың қатарына кіретін, ғасыр адамы атанған батыр кіндігі кесілген Қарқаралыға келді, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Халық батыры ұшудағы ең қиын сәт ұшқыш болуы үшін тапсырған емтихан кезіндегі жағдай дейді. Қалғаны тек күнделікті жұмыс. Кәсібінің жілігін шағып майын ішкені сонша, Кеңес үкіметіндегі жойғышы бар, басқасы бар 50 ұшақты сныақтан өткізіп берді. Одақта алғашқы болып 1989 жылы МИГ-29-бен кемеге қонып, қайта ұшып кеткен. Қазақтың қара нардай жігіті жойғыш ұшақпен еш аялдамасыз солтүстік полюске барып келген алғашқы ұшқыш ретінде де тарихта қалды. Кеңес одағының батыры атағын да осы үшін алған. Әлемнің теңдессіз ұшқышы ретінде есімі Вашингтонда жазылды.

Тоқтар Әубәкіров, ғарышкер, Халық қаһарманы:

-Мені сонау қиыр шығыста ең үздік ұшқыш деп таныды. Ол да жәй себептен емес. Неге десеңіздер мен қазақтың атынан жүрдім. Жалғыз қазақ болғасын ұлтымды жақсы қырынан көрсеткім келді.

Десе де, бала Тоқтардың күні мамыражай болған жоқ. Әкеден ерте қалып, еңкейген анасын жетектеп Теміртауға келгенде, жасы толмағандықтан жұмысқа тұра алмай қиналды. Өйткені 15-тегі күәлігі жоқ ауыл баласын ешкім маңайлатпаған. Жұмысқа жұлқынып, екі көзі жанып тұрған бозбала ақыры куәлік беретін жерден құр қайтпады.

Тоқтар Әубәкіров, ғарышкер, Халық қаһарманы:

-Мен отырып алдым. Киетін киімім жейтін тамағым жоқ сендер мені тамақтандырасыңдар деп.  Содан кейін мен осы жерге шешейді алып келе дедім. Мен бірінші баланы көріп тұрмын жас күннен жұмысқа барғысы кеп жүрген. Ей, жазып беріңдер деді

Содан Теміртау метелл құю цехінде еңбек ете жүріп алғашында парашюттен секіру, кейін ұшқыштар мектебіне оқуға алынды. Алғыр, ізденімпаз, еңбексүйгін жігіт ақыры жойғыш ұшақтарды тақымдайтын үздік атанды. 1991 жылы ғарышкерлерді дайындау тобына қабылданып сол жылы күзде қазақ пен ғарышты байланыстырғанын ел біледі. Бір өкініштісі кеңес үкіметі басшылығы ғарышқа ұшқанның бәріне ұстататын батыр атағын оған қимаған. Туған елі 70 ке келгендегі тойын жасап, қарсы алған Қарқаралыда батыр алдымен ата-баба ескерткішіне құран бағыштады. Сәлден соң елінің қошеметіне бөленіп, қаумалаған қарашаның арасында көрінбей кетті.

Алаш жұртының аманатын арқалап, ғарышқа барып келген батырдың тойын туған өлкесі осылай тойлауда. 100 ге тарта киіз үй тігіліп ат жарысы мен балуан күрестірген ел мәре-сәре. Өйткені тәуелсіздік пен қазақ баласының жеті қат көктен асқанына 25 жыл толғаны ел үшін айтулы мереке боп тұр. 

Қатысты Мақалалар