Жол ережесін бұзған Кәрім Мәcімов айыппұл төледі

/uploads/thumbnail/20170709045626599_small.jpg

Кәрім Мәсімов Инстаграмға айыппұл төлеуге тура келген велосипедтегі фотосын, сондай-ақ айыппұл төлегені туралы түбіртегін жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz – ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Инстаграмға өзі студент кезінде құрылыс отрядында жұмыс істеген Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылы маңында (Күлшім бөлімшесіне барар жол) велосипедпен келе жатқан фотосын жүктеді.

Сонымен қатар Премьер-Министр велосипедпен автомагистральдарда жүруге тыйым салынғандықтан, ҚР ЖКҚ-на сәйкес айыппұл төлегенін атап өтті.
«Заңдар мен ережелер баршаға ортақ. Велосипедтегі Премьер үшін де», - деп жазды Кәрім Мәсімов.

Қатысты Мақалалар