Уаххабизм әдебиеттері Play Маркет арқылы да тарауда

/uploads/thumbnail/20170709045925571_small.png

Қазақстанда уаххабист әдебиеті шектеусіз таратылады

Мұндай кітаптарды Play Маркет онлайн-дүкенінен оңай табуға болады. Үкімет тіпті елемей отыр.

Уаххабист кітаптарын  Play Маркет онлайн-дүкенінде Топ-200 –ге енгізілген. Олар өте танымал топта, оларды бәрі біледі, жүктейді және оқиды.

Қауіпсіздік қызметкерлері экстремистерді көшеде қуып, тыйым салынған әдебиеттерді тәркілейміз деп жүргенде, радикалдар үйден шықпай-ақ уағыздарын таратып, қатарларын көбейтуде. Бұл әрекеттері үшін оларға тіпті компьютер де қажет емес. Интернет желісіне қосылған смартфонның өзі жеткілікті. Талғамыңызға сай, кез келген автордың кітабын жүктеп алуға болады. Play Маркет барлық смартфондарға орналтылған. Ал күмәнді әдебиеттерді бұғаттаумен біздің органдар әзірге айналысар емес. 

Оқырмандар үшін ең танымал электронды кітап Әбу Халид Дағыстанның еңбектері болып табылады. 

Оның «Намаз оқуды үйрену» электронды кітабы «ең үздік 100 тегін кітап» тізімінде 23 орында тұр.

Бұл діни сипаттағы өнімді 100 мыңнан астам адам жүктеп, 6000-нан астам адам бағалаған.

«Күнделікті бес уақыт намау оқуды» көрсеткен кітапша жаман көрінбеуі мүмкін. Пайдаланушылардың пікірін қарап көріңіз:
Бұл кітапты қатысты ашық пікірдің тағы бірі:


Автор – ДАИШ жақтаушысы
Сонымен қатар, бұл кітап экспертизадан өтпеген, ал органдар оны зерттемеген.  Автор салафиттік уағыздаушы Дағыстандық Надир Медетовты оқуды талап етеді, ол – Надир Абу Халид.

2015 жылдың мамыр айында «Ислам мемлекеті» танылған террористік көшбасшысы мен оның жақтаушыларына ант берген. Бұрын Дағыстанда ДАИШ-қа тек көшбасшылары ант беретін.

2015 жылдың жазында Надир Абу Халидті Сирияда өлтірді деген әңгіме тараған, алайда ол ресми расталмады.
Үйден кететін уақыт жетті
Оның тағы бір «Аллаһтың құлдарындағы хақысы» деп аталатын кітабы Play Маркетте 49 орында тұр. Оны 100 мыңнан астам адам жүктеп алған.

Міне, қолданушылардың пікірлері:


Пікір қалдырушы осы кітапты оқып болған соң, шалбардың балағын кесіп, үйден кете беру керек екен дегенді айтқан. 

Жалпы алғанда, ұялы онлайн-дүкенде Абу Халид Дағыстанның 20-дан астам кітабын тегін ұсынады.

Талибандармен байланысы бар ма?

Күмәнді мазмұндағы әдебиеттердің тағы бір белседі авторы – Мүсілім Әбу Ибраһим. Бұл адамның әр түрлі әлеуметтік желілерде акаунттары бар.  Онда ешқандай жазбалары жоқ, бірақ сол арқылы  байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің өтініші бойынша, Қазақстан аумағында бұғатталған ресурстарға қол қойды.  Шындығында бұлар экстремизм үшін бұғатталған.

Play Маркетте Ибраһимның «Коран Тасфир на русском языке» жариялымын оқуға ұсынады. Бұл электронды жазба Тегін кітап Тобына 141 орынға жайғасқан.
Мұнда маңызды сұрақ туындайды: елімізде нақты адамға ақпараттық кеңістікте шекарасын орнату үшін қажет пе?

Айдос Сарым: Сүзгілеу қажет

Бұл мәселелерге қатысты сұрақты біз саясаттанушы Айдос Сарымға қойдық. 

-Технологиялық тұрғыдан алғанда,  бұл ресурстарды бұғаттау қарапайым. Кімде кім күмінді материал көрсе, соны бұғаттауға болады. Бас прокуратураға немесе  Ақпарат және коммуникация министрлігіне шағым түсіру жеткілікті. Мен мұндай нәрселерді билік талқылау керек және шешім қабылдау керек деп есептеймін. Бұл біздің жеке азаматтық ұстанымымыз болып табылады, - дейді саясаттанушы.

Саясаттанушының сөзінше, Қазақстан аумағында тыйым салынуы мүмкін, бірақ бір жерлерде, қырғыз немесе өзбек сегментінде одан әрі тарату жалғаса береді.

-Бізде қазір Қазақстан аумағында экстремистік әдебиеттер тізіміне тыйым салу маңызды болып табылады. Мұндай тізім ШЫҰ мен ТМД шеңберінде бар, сондықтан олар терроризм туралы ақпарат алмасу және өзара келісімдерге қол қойған. Демек, бұл тізімдерді біріздендіру қажет және үнемі жаңартып отыру қажет.  Және бұған арнайы қызметтер назар аударуға тура келеді. Интернетте кез келген жүктеудің электронды ізі болады. Мысалы, біз кітапханадағы белгілі тенденциялар мен ең танымал іздеулерді оқып-көріп отырамыз.  Мұнда да дәл солай. Және бұл жағдайда Google – мен және ақпараттық технологиялармен айналысатын ірі компанияларменжақсы келісім бар. Айналымнан 1-2 әдебиет алып қою үшін жеткілікті сұраулар болар еді деп ойлаймын. Басында, әрине, авторы кім, оның электронды кітабында экстремистік бағыт бар ма, соны білу қажет. Ақпараттық технологиялар  экстремистік және лаңкестік ұйымдардың қатарына қызметкерлер қабылдаудың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті. Сондықтан сүзгілеуді ойлану қажет.

Вконтакте әлеуметтік желісіндегі авторлардың бірінің ресурсы бұғатталған. Демек, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі жұмысы жүріп жатыр ма деген сұраққа "біреуін жапса, екіншісі, үшіншісі, төртіншісі ашыла береді. Бәрін бірдей бақылауда ұстау мүмкін емес" деп жауап берді саясаттанушы.

Дереккөз: 365info.kz

 

 

Қатысты Мақалалар