Танымал тележурналист, қоғам белсендiсi Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрлігiне қызметке барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Берiк Уәли министрдiң кеңесшiсi әрi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды.
«Қазiргi таңда министрлiкте Ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын арнайы департамент құрылуда. Алдағы уақытта министрлiк осы департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтудi көздеп отыр. Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарды. Өз кезегімізде Берік Уәлиді жаңа қызметімен құттықтап, министрліктің жұмысын халыққа жақындатуға бағытталған игі істердің бастамашысы болады деп сенемiз», - дейді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің Фейсбуктегі парақшасында.