Атырау облысында мас күйде рөлге отырған жүкті әйелге жаза кесілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Today.kz - ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі хабар таратқан.
Полиция Құлсары қаласындағы дүкендердің бірінің маңынан Kia Rio жеңіл көлігін тоқтатқан. Әкімшілік материалдарды толтыру барысында әйелдің жүкті екеніне қарамастан мас күйде болғаны анықталды.
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының үкімімен әйел адам ҚР ӘҚБК 608-бабының 8-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 424,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.