Qamshy.kz Ақмола облысы Ерейментау ауданы Әділет басқармасы берген «Туу туралы қайталама куәліктен» қате шыққанын жазған болатын. Сол материалға байланысты өңірдегі өкілетті органдардан жауап келді.
«Туу туралы қайталама куәлік берген кезде баланың туған жері қате жазылғаны туралы ақпаратқа қатысты Ақмола облысы Әділет департаменті келесіні хабарлайды: бұл факт бір жыл бұрынғы, яғни 2015 жылғы талқылау нысанасы болып табылды.
29.07.2015 жылы «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен қайталама 28.07.2015 жылы жазылған №3831345 туу туралы куәлігі берілді. Куәлік баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша: Ерейментау ауданы Өлеңті ауылына баланың анасына табыс етілді», - деген Амқола облыстық Әділет департаментіндегілер олқылықтың орны былтыр-ақ толтырылғанын айтып отыр.