Пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау қажет?

/uploads/thumbnail/20170709050035900_small.jpg

Егер 100 % кірісті тұрғын үйге арнаса, онда шаршы метрін 8 жылда сатып алуға болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz

Еліміздің өңірлерінде  жылжымайтын мүлікке белсенді тұрғындар екі бас қалалардан мүдделі. «Крыша» статистикасының мәліметінше,  Астана, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Атырау және Талдықорған қаласының сатып алушылары пәтерді Алматы қаласынан жиі іздейді.  Ал Астанадан Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Өскемен және Атырау қаласының сатып алушылары іздейді екен.

«Крыша» бұл статистиканы ҚР статистика Комитетінің 2016 жылғы ІІ тоқсанындағы орташа жалақыға қарап, еліміздің әртүрлі аймағындағы тұрғындар Алматы мен Астанадан жылжымайтын мүлікті қанша жылда ала алатынын есептеп келтіреді.

Егер осы аймақтардағы пәтердің құны шамамен 14,2 млн теңге (орташа индекспен бір шаршы метрі 355,2 мың теңге) деп алсақ, онда, табыстың 100 % - ын тек қана тұрғын үйге құйып отырса, 8 жылдан соң ала алады екен.

Республиканың негізгі қаржы-экономикалық орталығы Атырау мен Маңғыстау облысының тұрғындарына жылжымайтын мүлік қолжетімді болады. Сәйкесінше, бұл аймақтарда орташа жалақы 237-265 мың теңге аралығында. Олардың жылжымайтын мүлік қаржысын 4,5-5 жылда жинауға мүмкіндігі бар.

Астана мен Алматы тұрғындары 187-205 мың теңге жалақы алса,  5,8 және 6,3 жылда тұрғын үйге қол жеткізеді екен.

Ал өзге аймақтарда орташа есеппен 8 жылдан астам уақыт қажет. Атап айтқанда, Алматы және Ақмола облысының (11-11,2 жыл) тұрғындары екені анықталған.  Ал ОҚО және СҚО тұрғындары 11,5 жылда алса, Жамбылдық сатып алушыларға кем дегенде 12 жыл қажет болады екен.

Егер ай сайын шығатын барлық шығындарды, оның ішінде азық-түлік, коммуналдық қызмет ақысы, жолақы, дәрі-дәрмек т.б ескерсек, онда жыжымайтын мүлікке жинақтайтын қаражат мерзімі ұзара түседі. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, көптеген аймақтардың тұрғындары үшін тұрғын үйге ақша жинақтау 30 жылдан асып түседі. Яғни адам бір пәтерге қол жеткізу үшін еңбекке жарамды барлық жылын арнауына тура келеді. 

Қатысты Мақалалар