СІМ: Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары босатылды

/uploads/thumbnail/20170709050121041_small.jpg

Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары босатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеген.

«Бахрейнде сексуалдық құлдыққа түскен Қазақстан азаматшалары босатылды және бүгін Қазақстанға жеткізілді», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бахрейнде Қазақстанның екі азаматшасы құлдыққа түскені туралы хабарланған болатын.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы және Бахрейндегі елшісі Бахыт Батыршаевтың айтуына қарағанда, елшілікке үш азаматшаның ата-анасы хабарласып, Бахрейнде олардың қыздары құлдыққа түскені туралы мәлімдеген. Құқық қорғаушылар қазақстандықтар туралы тергеу жұмыстарын бастаған. 

Қатысты Мақалалар