Ақмола облысында лаңкестікке қатысы бар болуы мүмкін деген төрт күдіктіге іздеу жарияланды. Қару асынған содырлардың тіпті, Сириядағы соғыстарға да қатысқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға арнасына сілтеме жасап.
Прокурорлардың хабарлауынша, бостандықта қашып жүрген күдіктілердің Көкшетау маңында болған бірнеше қарулы қылмысқа тікелей қатысы болған. Бірақ, дәл қазір олардың қайда жүргені және дәстүрлі емес радикалды топтың құрамына еніп, Сирия үкіметіне қарсы соғысуға кімдердің үгіттеп алып кеткені де белгісіз.
ЫРЫСТЫ АЙТЖАНОВА, Ақмола облыстық баспаөз қызметінің жетекшісі:
- Әлеуметтік ақпарат құралдарына шыққан ақпаратты растаймыз. Іздестіру жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін өзге ақпарат әзірге құпия күйінде сақталады.