Бұл Олимпиада бұрынғыдан өзгерек...

/uploads/thumbnail/20170709051026434_small.jpg

Марқұм Тұманбай ағамыздың «Октябрь – жүрегімнің мерекесі» деген жақсы бір поэмасы бар еді. Өмірімде бірінші рет «Олимпиада – жүрегімнің мерекесі» деп шаттана алмай, жанкүйерлік шабытым от алмай, жүрегім сұп-суық күйі қалыпты ғана соғып тұр.

Шетелдік спортшылар мен жанкүйерлерді Рио әуежайында полицейлер мен өрт сөндірушілер «Тозаққа қош келдіңдер!» деген плакаттармен қарсы алды. Жалақы ала алмай қиналып, жаппай ереуілге шыққан бейшаралардың қолдарындағы және бір плакатта: «Қауіпсіздіктеріңізге кепіл бере алмаймыз» деп жазылған.

Олимпиада алауы Рионың кедей аудандарын айналып, жылтыр маршрутпен жүріп өтті. Жол жөнекей алау ұстағандар сүрініп-жығылумен болды. Ол аз болса жемқорлыққа наразы демонстранттардың шабуылына ұшырап жатты.

Кейбір Батыстың мамандары өз елдерінің спортшыларын су жарыстары кезінде барынша абай болуға, Рионың барлық бассейндері мен су каналдары кәдімгі канализация қалдықтарынан толық тазармағанын, жағажайларындағы мұхит суының әлемдегі ең лас су екенін ашық ескертті.

Олимпиадаға санаулы ай қалғанда ел саяси-экономикалық дағдарысқа ұрынып, парламенті президентіне импичмент жариялады. Бір түрлі. Тойға шақырған үйде «свет» өшіп қалғандай әсер туып тұр. Құдай артын қайырлы қылсын.

Ғалым Боқаштың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар