Тоқтарәлі Таңжарық: Әмірхантану- шын әдебиетке оралу

/uploads/thumbnail/20170708151935771_small.jpg

Әмірхантану - ХХІ ғасыр қазақ әдебиетін әлемге танытар жол! Әмір көке әлемге қазақтың үнін жеткізуді жан тәнімен армандап өтті. Соған құлшыныс керек. Әмірхантану - әдебиетке, шын әдебиетке оралу! Әмірханды танығымыз келсе, білімді, білікті болуды үйренуіміз керек! "Қадыр Мырза Әлидің «Иірімі» мен Мағауиннің «Менін» оқып біткен күні хабарласып: «Біз Батыс қаламгерлерін жақсы танимыз. Өзімізді білмейміз. Өйткені өлсекте пенделігімізді, кем-кетігімізді мойындағымыз келмейді», - деп еді-ау... Рас, ізденген жасқа Анре Моруаның кітабын қолға тигізсе бітті, Батыс әдебиетін жасаған ірі тұлғалардың тағдыры күбірлеп, сөйлей жөнеледі. Ал, бізде ше? Бізде қазақ қаламгерлерін танудың әдеби институты қалыптасты ма? Жоқ. Біз әлі Абайтанудың шегінде жүрміз. Оның өзінде де М. Әуезов бастаған абайтанушылардың дәстүрлі, классикалық нұсқасының қамалында отырмыз. Осы жайт Әмірмен арамыздағы әңгімеге жиі өзек бола береуші еді. Ендеше біздің буын, Әмірханның қағанатында қанаты қатайған кейінгі толқын қазақ әдебиетінде бар екенін Әмірхантанудан бастауы керек шығар"

Қатысты Мақалалар