Ғалым Боқаш: Гитлер дегенде Сталин де есте тұрсын!

/uploads/thumbnail/20170708152044598_small.jpg

Адольф Гитлер жеке басқа табынтты, бір партияның диктатурасын орнатты, саяси плюрализмді жойды, арнайы қызметтің құзыретін күшейту арқылы өзімен келіспейтіндерге қарсы террор мен репрессия ұйымдастырды, сөз еркіндігін тұншықтырды, жекелеген этникалық топтарды кемсітетін нәсілшілдікті идеология деңгейіне дейін көтеріп насихаттады, тұтас халықтарды зорлап көшірді, тұтас бір халықты геноцид ұйымдастырып құртып жіберуге тырысты, адам қиялы жетпейтін азаптау тәсілдерін ойлап тапқан концлагерьлер ашты, елін әскерилендірді, көрші елдерді асқан ашкөздікпен және зұлымдықпен жаулап алуға тырысты, ақыр соңында миллиондаған адамның қанын төкті. Мұндай залымды қандай ниетпен болсын БАҚ-тың мұқаба бетіне басу - ақтап алуға келмейтін, барлық адамгершілік және кәсіби ережелерге қайшы әрекет.

Йосиф Сталин түсі ғана басқа саяси идеологияны жамылып жоғарыдағы әрекеттердің барлығын жасады, "қызыл террорын" тіпті екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де жалғастырды. Өзіне ұқсаған екінші құбыжықты жеңгені үшін ғана оның режиміндегі қылмыстарға көз жұму да - ақтап алуға келмейтін, барлық адамгершілік және кәсіби ережелерге қайшы әрекет.

Қазақстанда бірінші рет (соңғы рет шығар деп үміттенем) мұқаба бетіне жарияланған Гитлерге қалай қарсы шықсақ, Ресейде ашық насихатталып жатқан сталинизмге, және соңғы жылдары көптеген шовинистік басылымдардың мұқаба бетінен түспейтін, тіпті метро станциясының атына айналған Сталинге де солай қарсы шығуымыз керек.

"Аталарымызды қырған" Гитлерді айтқанда, "аталарымызды штрафбатқа салып ажалға айдаған", "сүйегін Сібірде шіріткен" Сталин де ойда тұрсын.

Осыны ұмытпайық.

Қатысты Мақалалар