Коммунистік партияның депутаты Жамбыл Ахметбеков "Аңыз адам" журналын жабу керек, тіпті авторларды қылмыстық іске тарту қажет депті. Иә, журналда қателіктер болғанын айттық. Бірақ, негізінен фашизмге қарсы жасалған материал екені анық. Оны журналдың бас редакторы да айтып отыр.
Ал меніңше, шындығына келгенде, коммунистік партияның өзін жабу қажет. Біз Совет Үкіметінен, осы идеологиядан көрмеген қорлығымыз жоқ. Елімізде коммунистік партия құруға заң бойынша тыйым салынуы керек.