«Аңыз адам». Жұрт не дейді?

/uploads/thumbnail/20170708152046949_small.jpg

    Кеше қазақ ақпарат кеңістігі шу ете қалды. Сөйтсек, «Жұлдыздар отбасы» журналы ұлтараздық тудыратын ақпараттарға жол беріпті-мыс. Яғни  журналдың «Аңыз адам»  қосымшасы атышулы  Гитлерге бір нөмірін арнапты.  Асылы, журналист Қасым Аманжолұлы айтқандай, бұл «Абыз адам» емес «Аңыз адам» журналы.

Тайчибеков сияқты «Отанын сатқандарға» көзін тарс жұмып қарайтын билік «Гитлер» туралы ғалымдар пікіріне шоршып түсті. Ал жұрт не дейді?

Қасым Аманжол, журналист:   "Аңыз Адамға" биліктің бүгінгі шүйлігуі - артық. Портреттік жанрдағы басылым болғандықтан журнал мұқабасына таңдалған кейіпкердің үлкен суреті берілетіні түсінікті. Ал оны сүйкімділеу етіп көрсетіп қойғаны (егер онысы дәлелденсе әрине) және Гитлерді ашық жақтайтын авторды жариялағаны үшін Ж.Қалыбайға қатаң ескерту жасаса жеткілікті деп ойлаймын. Әйтпесе, оқырманы көп басылымды қорғаған елдің барлығы сырттан таңылып, "гитлершіл" атану қаупі бар...

Нәзия Жоямерген, журналист: Басқаларды қайдам, бірақ қазақ журналистері Ж.Қалыбайды қолдау тобын құрып, əріптеске араша түсіміз керек. Бүгін - Жарылқап Қалыбай, ертең - басқа журналистер... Бұл дұрыс емес! Біреу ағамды аңдып отырған ба? Жағасына шап берді ғой журналдың пештен шыққан қызуы басылмай жатып. Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы, ұлттық қауіпсіздігі, ұлттық намысы туралы масқараларды жариялайтын, абыройды төгетін шетелдіктерді неге ауыздықтамайды? Хакасияның спикері анау оттап алды да, «кешіріңдер» деп мүләйімсіді, «Жирик» деген Кремльдің итіне айналған қазақтарға қарсы, Илонов дегенің тағы бар... Қазақстан азаматы саналса да, мемлекеттік саясатқа қайшы келетін сөздер мен әрекеттерге баратындар да жеткілікті. Құзырлы органдар соларды неге ауыздықтамайды?!

Ербол  Азанбек,  журналист: Саясат араласқан соң осы. Тәп-тәуір журнал еді. Мұндай дау біздегі БАҚ яғни Бұқаралық ақпарат құралы (құрал) болудан арылып, медиа дәрежесіне көтерілген кезде ғана тоқталады. Қазақ, орыс тілді қоғамның арасы екіге жарылып барады. Жеккөрініш сезімі күн сайын байқалып жүр. Немен аяқталады?

Қуандық Шамахайұлы, журналист: Сөз бостандығы мен демократияға сүйеніп, жеке көзқарасын ашық білдірген адамды соншама айыптап, 12 жылға бас бостандығынан айыратын болсақ - онымыздың фашизмнен қандай айырмашылығы болады? Мұндайда қарсы уәж айт, теріске шығар! Сол да жеткілікті. "Аңыз адам" журналының Гитлерге арналған санын әлі оқыған жоқпын. Сондықтан, ол туралы бірдеме деу ерте. Ал, осы журнал Сталин жайында да жеке номер шығарды ғой. Сонда, мына шулаған жұрт қайда жүрген? Алаш арыстарын қынадай қырып, аштық нәубетін әдейі ұйымдастырып, бейбіт халықты қойша жусатқаны геноцид емес пе еді? Сталин нағыз қанішер еді ғой. Әй, қазағым,ай! Абай атам тіріліп келсе, не дер екен? Негізі, фашизм мен коммунизм егіз, оңып тұрғандары шамалы. Айырмашылығы бірі - әсіре ұлтшыл, екіншісі - әсіре ұлтсыз!

Мықтыбек  Оразтайұлы,  оқырман:- Жарылқап  бүлікші емес қой. Әлде, баяғы "Скат" оқиғасынан соң әлдебіреулер Жақаңа тісін қайрап жүр ме екен? Тарихты білуіміз керек. Мейлі, Гитлердің тарихын болса да. "Аңыз Адамның" көптеген басылымдарға қарағанда артық жерлерінің бар екендігін білемін. Ол журналда мектептің тарих оқулықтарында, энциклопедия-википедияларда кездесе бермейтін қызықты мәліметтер жарияланады. Гитлер туралы шықса, Гитлердей болуға үндейтіндей нәрселер жазылған жоқ шығар? Әлде, агенттіктеріміздің осындайды көре қалатын "қырағылықтарына" қол соғайық па?

"Аңыз Адам" жабылып қалмасын деп тілейік!

Серік Керей: "Аңыз адам" журналына жабылып жатқан жалаға шынында бізге бір күдік тудырады.  Гитлер қырғынынан 6 миллион, Сталин қырғынан 45 миллион, ал Қытай көсемі Мао қырғыннан 60 миллион адам қырғындалған екен. Сонда Гитлер мына екеуіне қарағанда ізгі адам болып отырғой.
 Қазақ ретінде және  Сталин мен Мао дың қырғынын бастан кешкен халықтың уәкілі ретінде Гитлерді жек көрмеймін!  Гитлер әскерімен соғысып біздің Қазақтар қырылса, оған тек Сталин кіналі. Айдаладағы Орыс жері үшін біздің аталарымызды қырғынға салды. 
Гитлер жеңгенде мүмкін Мұстафа Шоқай арманы іске асып, біз ерте тәуелсіз ел болар едік. Фашист болса да Гитлер бізді пайдаланар еді де.  Түркілер ерте тәуелсіздік жолына түсер еді.

Абай  Отар, блогер: Жалпы ‪Гитлер туралы жазғанның не айыбы бар? Өткен жылы бір бармағын ішіне бүгіп кеткендерге бұл жақсы болды. Жарылқап Қалыбайды аямай сынап жатыр.

Ал, сіз не дейсіз,  құрметті  оқырман?! 

Қатысты Мақалалар