Обама өзін «жезөкшенің ұлы» деп атаған Филиппин Президентін кешірген жоқ

/uploads/thumbnail/20170709063714828_small.jpg

АҚШ Президенті Филиппин басшысымен кездескісі келмейтінін білдірді.

Бұған дейін Филиппин Президентінің Обаманы балағаттағаны белгілі болған еді. Филиппиндегі халықаралық жиында Родриго Дутерто Барак Обаманы көзінше балағаттаған.

Оқиға былай болған. Американ көшбасшысы Лаостегі саммитте Филиппиндегі есірткі саудасымен күрес мәселесін көтермек болған. «Сегодня.ua»-нің хабарлауынша, соңғы айларда ол аймақта арнайы операциялар кезінде 2000 астам адам көз жұмған. «Мен баяғыда колония болудан қалған тәуелсіз мемлекеттің Президентімін. Бұл мемлекеттің филиппин халқынан басқа иесі жоқ, сіз бұны құрметтеуіңіз керек. Жезөкшенің баласы (son of a whore, The Guardian. Ред.), мен сені бұл форумда қарғаймын» деген болатын Филиппин Президенті.

Артынан Дутерто өз сөзі үшін кешірім сұрағанмен, АҚШ Президенті Шығыс-Азия саммитіндегі сөзі үшін әріптесін дөрекі деп атады. 

Қатысты Мақалалар