"Аңыз Адам" журналы Гитлер туралы материал бергені үшін орыстілді журналистердің сынына ұшырап жатыр. "Қазақтардың бәрі фашист!" деген сөз айтудың аз-ақ алдында жүргендей көрінеді. Тіпті, "журнал жабылсын" деген ұсыныстар да айтып жатыр.
Осыған орай, менің де бір ойым бар: "Бұдан былай Еуразиялық одаққа кіруді қолдайтын, Украинаға қарсы жасалған Путиннің әскери агрессиясын жақтайтын және Сталинді, коммунизмді мақтап, жақтап жазатын барлық БАҚ-ты жауып тастайық!
Халықтың жауы - Гитлер туралы жазған журнал емес, қазақты Кремльдің қол астына қайта тыққысы келетіндер дер едім.
"Қамшы" сілтейді