Құрбан айтты тек мал соятын күн деп түсінбейік

/uploads/thumbnail/20170709065420000_small.png

«Құрбан айт» күндерін «Құдайдың ризашылығы үшін, төрт түлік малды құрбандыққа шалу күндері!» деп ойлайтын қандастар, сіздер Құдайдың қандай құдырет екендігі түгілі, құдайтанудың да не екендігін білмей жүріп, Құдайды қанқұмарға ұқсатып, мазақ қылмаңыздар! Құдай өзі үшін, қой түгілі, қоңыздың да жазықсыз өлтірілуін қаламайды! Ол обалды ойлайды. Сіздердікі секілді даңғойлық пен арсыз бәсекені, текке ысырапты, мал саудасы қызғынға айналатын қанқасапты жек көреді Ол.

Қазір – ХХІ-ғасыр. Діни ертектер мен суқиттықтарға сенетін баяғы соқырсенім заманы келмеске кеткен. Ойланыңыздар.

Егер, «құрбандық шалу - жоқ-жітіктерге керек!» десеңіздер, онда, құрбан айт күндерін «Жоқ-жітіктерге жәрдем күндері» деп атаңыздар. Сөйтіп, оған дайындықты әуелі жоқ-жітіктердің есебін алудан бастаңыздар. Сонан соң, құрбандықтарыңыздың өзі алуан-алуан қайырымды Ойларды жүзеге асыру түрінде бола ма, жоқ, мөлдіреген нақты бал түрінде бола ма немесе жазықсыз маңыраған мал түрінде бола ма, өзара кеңесе жатарсыздар.

Тыныштықбек Әбдікәкімұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар