Премьер - министр Бақытжан Сағынтаевтың қызы туралы не білеміз?

/uploads/thumbnail/20170709065525767_small.jpg

Бақытжан Сағынтаев премьер - министр болғалы бері оның жеке өміріне деген қызығушылық арта түсті. Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы 29 жасар Меруерт Ибрагим - Qazaq banki акционері Бахыт Ибрагимнің жұбайы. Бірақ, іскер адамның жары болып қана қою ол үшін аздық етеді. Меруерт Buro24/7.kz. қазақстандық сәндік порталының негізін қалаушысы.



Мектепті бітірісімен Меруерт Лондонға халықаралық бизнесті меңгеруге кетеді, сонда оның кіші қызы – Надира Арапова да оқыған. Меруерттің күйеуі - Бахыт Ибрагим - жұбайына қарағанда қоғамдық емес. Ол - Шымкенттік «Әулие-Ата» университетінің филиалының түлегі. Оның премьер – министрдің қызымен тойы 2008 жылы өткен, бұл - Бахыттың  екінші некесі. 1 миллион доллар көлемінде қаржы жұмсалған той  Rixos пен Radisson отельдерінде өткен.


Buro24/7 сәндік порталының франшизасын құрбысы Мирослава Думадан сатып алады. Fashion-сфера Сағынтаевтың қызы үшін тек хобби емес, «Мен Алматының қандай сұлу екенін, ең талантты дизайнерлер мен сәнқой адамдар өмір сүретінін бүкіл әлемге көрсеткім келеді», - деді Мерует Vogue – қа берген сұхбатының бірінде.

Меруерттің Лондоннан қайтіп келген себебі – Қазақстанда Fashion индустриясын дамыту. Vogue баспасы Меруертті «икона стиля» деп атап, әрдайым street-style рубрикасында суреттерін жариялап тұрады.


 

Қатысты Мақалалар