Сириядағы соғыс отын Обама көсеп отыр ма?

/uploads/thumbnail/20170709065547751_small.jpg

Элемдегі 100 беделді тұлғаның бірі, танымал экономист, Гарвардтың философия докторы, Колумбия университеті Жер институтының директоры, БҰҰ Бас хатшысының кедейлікпен күрес жөніндегі арнайы кеңесшісі Джеффри Дэвид Сакс Сириядағы азаматтық соғыс планетадағы ең қауіпті дағдарыс деп біледі. Ол бұл жайында «Project Syndicate» порталына жазған мақаласында айтқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

2011 жылдың басынан бері Сирияда жүздеген мың адам қаза тауыпты. Он миллионға жуық сириялық бөтен елге кетуге мәжбүр болған. Джеффри Дэвид Сакстың пікірінше, Барак Обама АҚШ-тың шынайы рөлін Америка халқынан және әлемдік қауымдастықтан жасыру арқылы аталмыш қауіпті күшейтіп отыр. Сирияда соғыс аяқталу үшін АҚШ шынайы есеп беруі керек. Әйтпесе 2011 жылдан бері бұл соғысты кім қаржыландырып, кім қаруландырады? Бұл құпия.

Сарапшының ойынша, Обама АҚШ-ты Сириядағы соғысқа араласудан сақтап қалды деген қате пікір. Қаңтар айында New York Times басылымы 2013 жылы Президенттің Орталық барлау қызметіне Сириядағы көтерілісшілерді қаруландыру туралы жасырын бұйрық бергені туралы мақала жариялады. Мақалада, сондай-ақ Сауд Аравиясы қаруландыруға қомақты қаржы бөлгенін, ал Орталық барлау қызметі Обаманың әмірімен оқыту мен қолдау көрсетуді ұйымдастырумен айналысқаны туралы жазылған.

Обама Америка халқына Сирия жеріне біздің әскерлер аяқ баспайды деп ондаған рет уәде беріпті. Алайда Сирияда АҚШ-тың әскері кеңінен орныққаны жұртқа аян. «Біз Американың Асадты тақтан тайдырып, «Ислам мемлекетін» жеңу үшін белсенді соғыс жүргізіп жатқанын білеміз» дейді сарапшы. Асадпен соғыста Американың жақтастары Сауд Аравиясы, Түркия, Катар және аймақтағы басқа да елдер.

Американың Сириядағы соғысқа жұмсаған қаржысы миллиардтаған доллармен есептеледі. Нақты көлемі ашық айтылмауда. «Америка халқына бейбітшілік қажет» деген пікірмен мақаласын түйіндейді Джеффри Дэвид Сакс.

Дана Қамшыбек

Қатысты Мақалалар