Динара Сәтжан қой сойып көпшілікті таң қалдырды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709065544892_small.jpg

Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

«Өмірімде алғаш рет өз қолыммен қой сойдым. Анығында, құрбандық шалу рәсіміне қатыстым. Екі ұдай сезімге бөленеді екенсің. Бір жағынан жануарды аяйсың, ал бір жағынан мұның ертеден келе жатқан киелі дәстүр екенін түсінесің. Құрбан айт – қайырымдылық мейрамы. Ол бізді қайғыға ортақтаса білуге, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға үйретеді», – деп жазды Сәтжан желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Сәтжанның бұл қылығына тәнті болып, шалған құрбандығының қабыл болуын тіледі. Кейбіреулер мал сою рәсіміне әйелдің қатысуын алғаш көруін айтса,  енді бірі осындай қайырымды шаралардың бізде аз жарияланатынын, жұлдыздардың мұндай сауапты істері көпшілік үшін үлгі екенін айтып, разылықтарын білдіріп жатса, жария қылудың қажеті жоқ екенін де жазушылар табылып жатты.

Естеріңізге салсақ, бүгін  барша мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айттың екінші күні. Құрбан айт – Ораза айттан 70 күн өткен соң келеді. 

Қатысты Мақалалар