Германияда теракт жасамақ болған сириялықтар ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Би-би-сидің» хабарлауынша, тұтқындалған сириялықтардың ИГИЛ террористік ұйымына қатысы болғаны анықталған.
Шлезвиг-Гольштейн және Төменгі Саксония федералды жерлерінде ұсталған ер адамдар 17,18 және 26 жаста болған.
Қолға түскен күдіктілер 2015 жылдың күзінде Германияға Түркия мен Грекия арқылы жасанды төлқұжатпен өтіп кеткен.
Spiegel басылымының жазуынша, Германияның сыртқы істер министрі Томас де Мезьердің мәлімдеуінше, ұсталған сириялықтардың Париж терактілеріне қатысы бар.
Ведомствоның мәліметінше, қолға түскен бұл сириялықтар мен өткен жылғы күзде Парижде теракт жасағандар арасында байланыс бар. Себебі олардың барлығының жасанды төлқұжаттары бір жерден шығарылғаны анықталған.