Президент кеңесшісі Владимир Жұмақанов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін қатар атқаратын болды

/uploads/thumbnail/20170709065708065_small.jpg

Владимир Жұмақанов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін қатар атқарады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «В.З. Жұмақановты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. 

«Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, Жұмақанов бұған дейін ҰҚК төрағасы қызметін атқарған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар