Ердоған Елбасыны Құрбан айтпен құттықтады

/uploads/thumbnail/20170709065804769_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Құрбан айт мерекесіне байланысты бір-бірін құттықтады.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге түрік тарапы бастамашы болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар