Мұхамедиұлы паралимпиаданың күміс жүлдегерін құттықтады

/uploads/thumbnail/20170709065819644_small.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  XV Паралимпиада ойындарында күміс медаль алған қазақстандық пара-зілтемірші Раушан Қойшыбаеваны құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.  

«Құрметті Раушан Заутбайқызы, Сізді XV Паралимпиада ойындарындағы күміс жүлдеңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің жетістігіңіз күшіңіз бен шеберлігіңізге, қайсарлық пен талантыңызға сенген миллиондаған отандастарыңыз үшін қуанышты сәт болды. Өзіңізге тән табандылық пен жеңіске деген қайыспас жігеріңіз талай жастарымызға үлгі болатындығы хақ. Көк туымызды желбіретіп, Қазақстан абыройын тағы бір мәрте асырған жеңісіңіз қазақ спорты тарихында алтын әріптермен жазылатыныны сөзсіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас шабыт, жаңа белестер мен жаңа жеңістер тілеймін!» - деді министр өз хатында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар