Бүгін Өскеменнің №2 қалалық сотында Қазақстан Республикасында тыйым салынған «Таблиғи жамағат» қозғалысы жақтаушыларының өңірдегі қызметі туралы қылмыстық іс бойынша бірінші сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Іс бойынша тыйым салынған ұйымның қызметін ұйымдастырды деген күдік тағылған 34 жастағы Б. Бауыржан және оның 8 сыбайласы өтуде. Олардан елден шықпау туралы қолхат алынған.
405-баптың 1-бөлімі бойынша айыпталған ер адам осы жылдың 1 тамызында ұсталдын. Қазір уақытша ұстау оқшаулағышында отыр.
Тыңдау барысында мәлім болғандай, тінту барысында одан атқарылған жұмысы туралы жазбалар, аудио- және видеороликтер тәркіленген. Сот процесі ашық режімде өтуде. Тағы 19 куәгерді тыңдау жоспарланған келесі сот отырысы алдағы аптада өтеді. Бүгін қаралып жатқан істің мән-жайы жария етілді. Айыпталушыдан алғашқы жауаптар алынып, оған адвокаттар тарапынан сұрақтар қойылды.
Пікір қалдыру