Елбасы арпаны бидаймен шатастыратын әкім туралы әңгімелеп берді

/uploads/thumbnail/20170709070228253_small.jpg

Бұл туралы  Qamshy.kz хабарлайды.

“Бір кездері мен облыстардың біріне әкім тағайындадым. Екеуміз  егістік бойымен Шортандының наны дәмді ме деген журналист сұрағына жауап беріп келе  жатырмыз, ол “қандай ғажап бидай, қандай тамаша бидай” деп шаттанып жүр. Мен сонда “тоқтай тұр, бұл бидай емес, арпа ғой” дедім. Ондай да болады. Бидайдың сапасы жақсы, көңілім толды, көңіл-күйім көтеріңкі, өйткені диқандар астық алқабын дәнге толтырыпты. Ауа райы қарасып тұрғанда, шашпай-төкпей қамбаға жинап, өз есептеріңізге жақсы ақша алсаңыздар болар еді”, – деді .

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына үлкен үміт артылып отырғанын атап өтті.

“Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әрқайсы 5,5 млн тонна астық береді. Бүгінде елімізде 1 млрд тонна астық жиналды. Ақмола облысы тұрақты дамып келеді. Астананың өнеркәсібі өңірдің ауыл шаруашылығына көмектесуде. Ақмоланың қалаларында өнеркәсіп өсіп, кәсіпорындар ашылып жатыр. Таяуда іске қосылатын Масал кен-метталлургиялық комбинаты да үлкен демеу болады. Қазір мен тауар өндірушілерден Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көмекке мұқтаж ауылдықтарға қол ұшын созып, мектептерді, ауруханаларды, балабақшалар мен көшелерді жөндеп беруді сұрадым. Мұның бәрі әрбір ауылда өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет”,- деп түйіндеді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Нұрсұлтан Назарбаев сапар аясында Шортанды ауданындағы “Жәкен-1” ЖШС шаруа қожалығының жұмысымен танысып, диқандармен, механизаторлармен әңгімелесті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар