АҚШ-тан хабар тарататын ABC7 арнасының жүргізушісі Джо Торрес жаңалықтар шығарылымын Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтонның қайтыс болғаны туралы хабардан бастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
«Біз жаңалықтарымызды Хиллари Клинтонның қазасы туралы шұғыл хабардан бастаймыз», - деді Торрес шығарылымның басында.
Жүргізушінің айтуынша, бұл ақпаратты Клинтонның жеке дәрігері хабарлаған. Бірақ, артынша McClatchyDC басылымы мәлімдегендей, жүргізуші эфир кезінде сөздерді шатастырып айтыпты. Джо Торрес health (ағылш. «денсаулық») деудің орнына жаңылысып, death (ағылш. «өлім, қаза») деп айтып жіберген.
Пікір қалдыру