АҚШ президенттігіне Республикалық партия атынан үміткер Дональд Трамп жақтастарына демократ –қарсыласы Хиллари Клинтонның өзі сияқты митинг өткізуіне шыдамы жетпейді,- деді деп хабарлайды Qamshy.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Сейсенбі күні, Огайода америкалық телеарналар алдында сөз сөйлеген Трамп жақтастары жиналған мекеменің өте ыстық екенін атап өтіп, былай деді: « Хиллари осында бір сағат тұра алар ма еді, қалай ойлайсыздар? Жоқ, тұра алмайтын еді деп ойлаймын» — деп мәлімдеді Трамп.
Оның сөзінше, өзі митингке шығып жүрген уақтта, Клинтон төсек тартып, ауруын емдеп жатыр. Оның бұл сөзін қолдамағандықтарын білдіріп, гуілдескен жұртқа үміткер қарсыласының тез жазылып, сайлау алды шараларға атсалысқанын қалайтынын айтты.
Жексенбі күні Ныю-Йоркта өткен қоғам алдындағы жиында Клинтонның жағдайы нашарлап кеткен болатын. Сайлау алды штабы қанша жоққа шығарса да, оның денсаулығы жайлы қауесет барша әлемге тез тарап кеткен. Клинтонның өзі дәрігерлердің оған пневмония (өкпе қабынуы) диагнозын қойғанын және антибиотиктер жазып бергенін мойындады. Демократ партиясының үміткері дүйсенбі күнгі барлық іс-шараларын сейсенбіге шегерді, бейсенбі күні жиындарын жаңартуға сөз берді. Бейсенбі күні Клинтон Солтүстік Каролинда, сосын Вашингтонда сайлау алды митинг өткізуі керек.