Жазушылар Одағына мүше боламын деп қартаятын болдым

/uploads/thumbnail/20170709070524822_small.jpg

Мен бірнеше кітаптың авторымын. Жазушылар Одағына мүше болайын-ақ деймін. Бірақ бірнеше жыл болды, алмайды. Себебін сұрасам, неге алмайтынын ешкім нақты айтпайды. «Төраға кейін сырғытты» дейді.

Қаламгерлердің алқалы жиынында ақсақал жазушы құжатын жиырма жыл бұрын өткізген аудармашы келіншектің мүшелік билетін күте-күте қартайғанын айтып еді. Мен де бір билетке жете алмай шал атанатын шығармын. Кейбіреулердің осы Одаққа құжаттарын өткізген күйі «Сен Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылдандың» деген жаңалықты ести алмай, о дүниеге аттанып та кеткенін де білеміз.

Жалпы Жазушылар Одағына мүшеліктен үміткерлердің құжаттарын кімдер саралайды? Біреулер «Ешкім сараламайды, жалғыз төрағаның қолынан өтеді. Он жетідегі жас қыздар ру жақындығының арқасында пышақтың қырындай өлеңдер жинағымен өтіп кетті ғой» дейді. Қайсысына сенемін?

Қабілет, дарыны шамалы болса да жасы жиырма беске жетпей-ақ мүшелік билетін ұстап жүргендерді көргенде қызығып қаламын. Мен де солар сияқты неге мүше емеспін деп.

Бұл мүшелікке өтудің бір құпиясы бар сияқты. Мен білмейтін құпия. Бәлкім сіз білетін шығарсыз. Білсеңіз, маған түсіндіріп беріңізші.

Ерден Қоғамов

Қатысты Мақалалар