Жайна Жәкулина: Асқар Отанына қарыздар емес...

/uploads/thumbnail/20170709070628698_small.jpg

Қазақтың біртуар ұлы, ұлт руханиятының жанашыры Асқар Әнуарұлы Жәкулин ақпан айының басында ауыр науқастан көз жұмған болатын. Хал үстінде жатқан Асекең сонда жары Жайна Жәкулинаға жүрекжарды сөздерін тізіп хат жазғанын да білеміз. Асылдың сынығы, тектінің тұяғы Асқардай азаматынан айрылған марқұмның жары Жайна әлеуметтік желіде Асқарсыз өткен күндері туралы толғаныстары мен жақын достары мен жанашыр жандарға ризашылық білдірген хатын жариялады. Төменде Жайна Жәкулинаның жан жарының өшпес рухына арнаған хатын назарларыңызға ұсынып отырыз.

Мен өзімнің сүйікті жарым Асқар Жакулинды еске аламын. Өткен бірнеше айдың ішінде біз өзгеше бір күндерді бастан өткердік. Осы сәтте мен барлық бізге көңіл бөлген, жақыннан жәрдемші болған достарыма алғысымды білдіремін. Сендер маған шынайы махаббат пен жылулықты сезіндірдіңдер.

Сонымен қатар, қол қусырып қарап тұрып та сол бір құдықтағы құрдымға тас атқандарға да шексіз алғысымды айтамын. Сендер мені одан әрі ержүрек, қайратты етіп баулыдыңдар.

Асқар екеуміз Чиңхуа университетінде таныстық. Сөз байластық. Ұлтымыз ұқсамаған біздер он екі жылдан кейін ғана екі жақ ата-ананың ризашылығына қол жеткіздік. Біз бір-бірімізге керемет ғашық болдық, сенімді серік, ата-ана болдық, қызметтегі қанаттаспыз, тіпті ең жақсы достардан бола білдік. Өмірдің ащы-тұщысын бірге таттық, қас қағым сәттей болса да біз Аллаға мың мәрте алғыс айтамыз. Егер өмірге қайта келсек біз тағы таңшолпанның айналасынан орын тапқан ерлі-зайыпты болғанды қалар едік.

«Мен үшін өмірімдегі ең керемет оқиға - Қазақстанның тәуелсіздік алуы, ең ұлы шешімім - Қазақстанға қоныс аударуым»... Асқар көкірегін от кернеп құлшынды, талпынды, күресті, әнін асқақтатты, қажырлы болды, ол отанына қарыздар емес, өз өміріне де қарыздар емес,

Асқар кетті. Артында ұлы мен қызы қалды. Әркез қызымның жанары жасқа боялып, ұлым әкесінің кескінін көргенінде де біздің ендігі кешетініміз тозақ азабындай елестейді.

Асқар кетті. Артына ол Ақсуатын да қалдырып кете берді. Оның орындалмаған ұлы ісі қалды, мен оның сауытын жамылып тұлпарына мініп ештеңеден жасқанбай күресе беремін!

Асқар кетті. Артында қалғаны – оның рухы мен арманы, оның ақыл-парасаты мен әділеттілігі, сері бейнесі мен асқақ күлкісі, оны сүйетін халқының санасында қалқыған керім тұлғасы.

Ылайым Алла Асқардың жанын Жаннатта қылғай! Оның достары мен отбасына Аллам жар болсын, Алла оның жан тәнімен сүйетін ұлты мен осы киелі топырағын аман сақтасын! АУМИН!

Жайна,

2016 жылдың 12 қыркүйегі, Құрбан айт күні

Алматы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар