Ел экономикасының тіктеліп, дамудың даңғыл жолына түсуі әр өңірдің қосар үлесіне байланысты. Алматы облысында тек аймақтың ғана емес, тұтастай қазақ елінің игілігіне айналатын ілкімді жобалар жетерлік. Соларға бір зер салсақ.

Ауылшаруашылығының ауқымды дамуы
ҚАНТ ЗАУЫТТАРЫ
Биыл қант қызылшасын өндіретін шаруаларды жергілікті бюджеттен қолдау арқасында, 2014 жылмен салыстырғанда егістік ауқымы 5 есе артып 6,4 мың га - ды құрады. Көксу қант зауыты жөндеуден өтіп, іске қосылды (“Көксу қант зауыты” ЖШС). Мауысым аралықта Көксу қант зауытының мамандарын жұмыспен қамту мақсатында Қарабұлақ қант зауытында дүмбіл - қант өңдеу жоспарлануда.
Елімізде қантқа сұраныс жылына 500 мың тонна болса, 2015 жылы Алматы облысында 15 мың тонна өнім өндірілді. Бұл өз кезегінде тәтті түбірге деген сұраныстың, нақты өндірілген өнімнен бірнеше есе артық екенігін аңғартуда. Сол себепті, алдағы уақытта Ақсу қант зауытын іске қосуға түрткі болуда. Ауқымды жоспар бойынша, келешекте облыста қант өндірісін жылына 50 мың тоннаға жеткізу көзделуде.

Заманауи Жібек жолы
«ҚОРҒАС» ҚҰРҒАҚ ПОРТЫ
“Қорғас - Шығыс қақпасы” арнайы экономиклық аймағы. Оның идустриалды аймағында қазірдің өзінде жалпы құны 150 млрд. теңге құрайтын 69 жоба тіркеліп, 10 жоба жүзеге асырылуда. АЭА шеңберінде құрғақ порт құрылысы аяқталуда. “ҚТЖ” ҰК” АҚ қарасты “KTZE-Khorgos Getway” ЖШС 2015 жылы 6,9 мың контейнерді өңдеуден өткізсе, биыл бұл көрсеткіш 100 мың контейнерді құрамақ. Кәсіпорын 2020 жылға қарай, өзінің толық мүмкіндігін іске қосып, жылына 500 мың контейнер өңдеуді жоспарлауда.

Ауылшарушылығына жекеменшік инвестициялар тарту
ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДАҒЫ АЛМА БАҚТАР
Бүгінгі таңда облыстағы жеміс-жидек бақтарының аумағы 20 мың га астам. 2014 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 4,8 есе артқан. Бұл саладағы қарқынды дамып келе жатқан мекемелердің бірі “Жаркент-фрукт” ЖШС өз есебінен 62,5 млн. доллар қаржы бөліп, 1100 га аумақта тамшылап суару әдісі қолданылатын интенсивті алма бағы бой көтерді. Сонымен қатар, “Астана Фрутс” ЖШС 127 мың түп алма, алмұрт, шие отырғызып, оларды тамшылап суару әдісі бойынша баптауда.

Индустриаландыру және жұмыс орындары
КРАХМАЛ - СІРНЕ ЗАУЫТЫ
Алматы облысы жүгері өсіру бойынша еліміздің негізгі аумағы және дақылдың жоғары сапалы тұқымдарын өндіретін жалғыз аймағы болып табылады. 2014 жылмен салыстырғанда, бүгінде өнімді өніру көлемі 5,5 мың га артып, бүгінде егіс ауқымы 76 мың га жеткен. 2015 жылы жүгері қабылдау және оны кептіру үшін Панфилов ауданында 2 кешен ашылды. Былтыр өндіріс көлемін ұлғайтудың арқасында “Жаркент крахмал-сірне зауыты” жүгері өңдеу ауқымын жылына 60 мың тоннаға жеткізіп, болашақта бұл көрсеткішті 100 мың тоннаға арттыруды көздейді.

Дарын және талпыныс
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ
Бір ауысымда 1800 баланы қабылдай алатын жаңа оқушылар сарайы өскелең ұрпақтың жан-жақты болып қалыптасуына ықпал етпек. Бұл үшін жаңа ғимаратта барлық инфрақұрылым қарастырылып, білікті мамандардан құралған ұжым қалыптасты. Оқушылар сарайында 45 кабинет, 4 шеберхана, 8 зертхана, 3 көрме залы, медиакітапхана, дыбыс жазу студиясы мен обсерватория орналасқан.

Жас құлшыныс және мықты тыл
ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру және өскелең ұрпақтың алдында тұрған мәселелердің түйінін тарқату мақсатында биыл Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы бой көтерді. Екі қабаттан тұратын ғимаратта 24 жұмыс бөлмесі, 3 лекциялық және 1 көпфункционалды зал, антикафе мен фитнес зал орналасқан.

Денсаулығы бекем, қуатты ел
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА
Талдықорғанда бой көтерген 300 орынлық көпсалалы аурухана құрылысы мемлекеттік “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы шеңберінде қолға алынды. Жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 9 млрд. 371 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 4 млрд. теңгеге магнитті-резонанстық томограф, эксимерді лазер қондырғысы, барокамера және т.б. сынды заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды.
Жалпы көлемі 33 885,6 шаршы метірді құрайтын медициналық мекемеде 8 бөлімнен құралған 143 дәрігер мен 533 медицина қызметкерлері жұмспен қамтылған.

Қазақстанның әр азаматына қамқорлық
ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЙ
2015 жылы Талдықорғанда баспана кезегінде тұрған жетім балаларға арналған 60 пәтерлік көп қабатты үйдің кілті тапсырылды. Тұрғын үй құрылысына бюджеттен 348,5 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, былтыр Қарасай, Іле және Еңбекшіқазақ ауданындағы жетім балаларға “Асыл Арман” тұрғын кешенінен 100 пәтер бөлінді.

Демалыс және тыным
ЖАСТАР САЯБАҒЫ
Мәдениет және демалыс саябағының жалпы аумағы 11 Га астам. Мұнда облыс орталығының басты мәдени-көпшілік шаралары ұйымдастырылады. Ол үшін саябақ ішінде арнайы сахналық және көрермендерге арналған аймағы орналасқан. Саябақ ішінде әуенді субұрқақ пен ғашықтар ескерткіші орналасқан. Жуырда Жетісудың ақиық ақыны, Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші ашылмақ.

Сәулет және сән
КАРАТАЛ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ
Демалыс орынының жалпы аумағы 11,2 Га, ұзындығы 1,4 мың метр. Жағалауда балаларға арналған 4 ойын алаңы, экстрималды спортқа қолайлы ролдром, велосипед жолағы қарастырылған.

Жайлылық пен амандық
ОҢТҮСТІК-БАТЫС ТҰРҒЫН АУДАНЫ
Жалпы аумағы 394 га жерде 120 көпқабатты тұрғын үй, 9 балабақша, 5 мектеп, Оқушылар сарайы, ЖҚО, 500 орындық емхана, Салтанат сарайы, көрме кешені, Драма театр, 16 қабатты қонақ үй бой көтермек.

Патриотизм және мақтаныш
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ
Мемлекеттік тудың тұғыры 92 метр - мемлекеттік рәміздер қабылданған 1992 жылдың нышаны. Тудың көлемі 25Х12,5 м. Тудың ұзндығы 25 метр - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын айқындайды.