ДАРИҒА НАЗАРБАЕВАНЫҢ СЕНАТҚА СЕКІРІСІ СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАДЫ МА?

/uploads/thumbnail/20170709070936185_small.jpg

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысы өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Сенат депутаты ретінде бұл отырысқа бірінші рет қатысқан Дариға Нұрсұлтанқызын әріптестері Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп сайлап алды. Аталған комитеттің бұрынғы жетекшісі Икрам Адырбеков орнын босатқан мен сол құрылым құрамында қалатын болды.

Естеріңізге салсақ, Дариға Назарбаева 13 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалған болатын. бұл тағайындау қоғамда түрлі болжамдардың жасалуына түрткі болды. біреулер Д. Назарбаеваның қатардағы сенатор болып қалмайтынын, палата төрағалығына сайланатынын болжаса, танымал саясаттанушы Айдос Сарым Дариға Нұрсұлтанқызының депутат атануын саяси қызметтегі құлдырауы деп бағалаған еді. 

Қалай болғанда да бұл ауыс-түйістердің түпкі мақсаты бір құдайға және осы рокировкалардың авторына ғана мәлім. Сенат құрамын жасақтауда президенттің біршама өкілеттілігі барын ескерсек, Дариға Нұрсұлтанқызының әлі талай секіріс жасау мүмкіндігіне ие екенін жоққа шығара алмаймыз. 

Қатысты Мақалалар