Қуаныш Абдолла: Үйі қисық болса да, Астанамыз салынсын

/uploads/thumbnail/20170708152239712_small.jpg

ЭКСПО-2017 біз үшін жаңалық па?!
Ұлы Жібек Жолының бойында тұрып, күллі Түркі әлемінің кіндігі болған біздің топырақта Қоянды жәрмеңкесі болып еді! Нағыз ЭКСПО сол емес пе еді?! Алаштың кіл қаймағының басы қосылып ұлан асыр думанға ұласатын тарихымызды ұмытып, батыстың таңсығына қол созамыз. Соны өткізуді жеңіп алдық деп мақтанамыз. Жарайды, жеңіп алдық делік. Тыңнан түрен салғыш ел болсақ онда неге сол ЭКСПОны Қоянды ауылында өткізбеске?! Әйтеуір қыруар ақша кетіп жатыр, біздің халықтан, һәм салықтан. Қит еткен нәрсенің бәрін Астанаға тықпалаймыз. "Үйі қисық болса да, Астанамыз сөйлесін" - әлемдік қонақтар алдында! Міне бүгінгі қазақтың ұраны осы... Шіркін-ай, жолай Көкпектіге аспалы көпір салып, Қарқаралының Шайтанкөліне аққу ұшырып, қаз қондырып, Балқантаудың баурайында ұлан-асыр ЭКСПО немесе ЭКСТОЙ өткізер күн келер ме екен?!

Қатысты Мақалалар