Аманхан Әлімұлы. Мына көктем

/uploads/thumbnail/20170708152239215_small.jpg

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп,  1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан») , «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті.
1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті. Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу»   публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы. Жақында «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты.

   Қазір ұлттық қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының Бас редакторы болып қызмет істейді. Отбасы бар. Бір ұл, бір қызы бар.

 Аманхан Әлім поэзиясы терең сыршылдығымен, лирикалық толғыныстарымен ерекшеленеді. Мазмұндық және ішкі ырғақ жағынан ақын өлеңдері образды, көңіл ноталарын ойната алатын туындылар. Мұны ақынның өзі де қуаттайды: "Өлең - оқыс пайда болған сұрапыл (стихиялық) сезімдерді «бас» білдіре, сол қас-қағымда туған сөздер мен сөйлемдерді шашпай-төкпей үнемдей, не образ бен музыкаға орап, көркем тілмен құйылып тұрған ырғақта бір тыныспен қағазға түсіру". Міне, Аманхан  Әлімұлы  өлеңдері өзі айтқандай образ бен музыкаға көмкерілген көркем дүние. Назарларыңызға ақынның бірнеше өлеңін ұсынып отырмыз... 

МЫНА КӨКТЕМ

Үзілген тамшы болып ерте көктем, Жақтауын тереземнің шертеді еппен. Барады сылқ-сылқ күліп бала бұлақ, Жып-жылы алтынкүрек еркелеткен. Қысты ақжем дегендей бір аһ ұр түзде, Түсіріп жіберді Алла ақырғы ізге. Қаздар төмен, тырналар биік ұшып, Лек-легімен оралып жатыр бізге.

 

Біз дегенім жылы жақ – Қазақстан, Құстар көкте қанатын жаза ұшқан. Күн дөңгелеп құлады ұясына, Аумай қызған бүйірі таза мыстан.

 

Ауыр-ауыр ойларға баттым да ескі, Өтіп қыстан аман-сау қатқыл десті, – Жаңбыр менен сүт исі аңқып тұрған, Көк шалғынға көміліп жаттым кешкі.

 

Тастай бір бүр бетіне қына тепкен, Қағылмайды араға сына тектен. Құлақтанып алыста Ай да туды, Жайлы тиді-ау, сеземін, мына көктем.

 

* * *

 

Тұрған талға көрсетіп име қалып, Қарай-тұғын беймезгіл күй ме, налып. Қара күрең отырдым суға қарап, Ап-ауыр мұң кеудемді билеп алып.

 

Жүрегімді сағыныш сыздатады, Сыздаған бір со тұста қыз жатады. Алып тұла бойымды, жан-тәніме, Соққан суық желімен Күз батады.

 

Баяу түсіп келеді кеш қабағың, Өтті-кетті жайларды еске аламын. Желбір-желең жүр бала желөкпелі, Алмағандай суықтың сес сабағын.

 

Мезгіл жанды келетін өртедіге, Қылын көңіл күйімнің шертеді ме? Еске алып отырмын кездерімді, Көрінетін ұқсастау ертегіге.

 

Тұрса да үйі қол созым, көз көрімде, Ұқсап қырық бұрымы өзге өрімге, – Көрінетін Күнекей қыз сияқты, Іздеп шыққан із бағып кездерімде.

 

Жалынан бір ұстатып саяқ жалған, Тірлігімді кез бар ма, аяп қалған?! Ертектегі сияқты махаббатым, Бақытпенен жоқ, бірақ, аяқталған.

 

* * *

 

Бой алдырмай болмысы құс төзімге, Көрінбестен бір мысқал сұс көзінде, – Білмей-тұғын шын атын ешбір адам, Қайтыс болды қария қыс кезінде.

 

Кезді өткізіп басынан ауыр жастан, Жақсы бір жан ауылға бауыр басқан, – Сабау басты қалпымен еш зиянсыз, Өтті өмірден оқыстан ауырмастан.

 

Тұрмай-тұғын алдыңда жиі ақталып, Көрсететін үлгідей ұятты, анық, – Жылап тұрды басында үлкен-кіші, Ағайынын жоғалтқан сияқтанып.

 

Шыққан шулы дүние-ай айран-салы, Қайда өтті екен қартыңның қайран шағы. Сырын шертіп еш жанға айтқан емес, Әрі жұмбақ келгені қайдан тағы.

 

Қаралы жұрт тартылған елеп пе, асты, Мысалы, көңіл күйі желек қашты. Соңында қалып шалдың қоржын тамы, Содан соң қалды иті шелек басты.

 

Келмей-тұғын жағдайға арып күтті, Қара суық жер бетін қарып бітті. Қытымыр қыс, әйтеуір, қырын келмей, Жеңіл болды жерлеу де жарықтықты.photo

КЕШКІ СУРЕТІ

Шоршыған шортан Ай да қайда қалды,
Күңгірт кеш көңілімді жайлап алды.
Етегін қымтай түскен қараңғыда,
Құлаттым бүкір белден ойға малды.

Қыз баққан әже қалай көз іледі,
Бір күйбең ауыл жақта сезіледі.
Жалынын жанарымның жел көтеріп, Қылшық мұрт қылаң ұрған кезім еді. Маздайды біздің үйде май шам ғана, Сеземін жол сүзеді байсалды Ана. Құлынын күткен жанға көзін ілмей, Қара түн қанатыңды жайсаң нала. Сыр бойы. Судың салқын есті лебі, Жүретін орындалмай еш тілегі, - Падашы Перден шалдың ауласынан, Белгілі " Бесік жыры" естіледі. Күйдемін көрініске осы шүкір дер мен, Көңілсіз Ай да туды үтір көрген. Резеңке етікті қолпылдатып, Құладым малмен бірге бүкір белден. *** Ауылдың жаны көл еді,
Аядай ғана көлемі,
Аумаған шымшық көзінен.
Арада жылдар өтсе де,
Айнытпай оны сезінем.

Жанары жанған лағылдай,
Еркем- ай, елік лағындай, Басына бірде барғанбыз. Түскенімді сонда білмеппін, Соқпаққа өзге,арман қыз. Ол кезде мұңды ойлап па ем, Отырар едім ойнап мен, Омырауыңа Ай қадап. Тұратын бізді аспанның, Сүттей ақ нұры аймалап. Оңынан туған Ай,Күні, Ерке еді ауыл айдыны, Жел сүйген қамыс, құрағын. Булығып тұрдық басында, Бойымызды билеп бір ағын. Тып-тыныш жатқан айдынға, Құлаштап қанат жайдым да, Шалқалап көк тас лақтырдым. Күлімдеп көзің арбалып, Дірілдеп өзің шақ тұрдың. Жамылып мақпал түнді ізгі, Куә етіп қайың, жұлдызды, Сені еркем батыл сүйдім мен. Ешжерде ешкім татпаған, Ерніңнің балын қидың сен. Қосылғын, досым, қосылма, Ең керім кезім осында, Өте шығыпты қас-қағым. Жас жаным қазір өзгеше, Өзгеше ,тіпті, аспаным. *** Жаздың бір үзілсе де ақырғы әні,
Өксігін басалмай жел жатыр ма әлі, -
Құлаққа шалынады жұмбақ сыбдыр,
Сабаннан суырылған шатырдағы.

Қабағын қарыс түйіп қарай ма Күз,
Суық сөз қуған елге тарайды аңыз, -
Еріксіз сезім билеп бойды алған, Сүйісіп тұрғанда ескі сарайда біз. Қиыла қаққан көктің боз қасындай, Сұп-сұйық салқын сәуле созбасын ба, Ай?! Ерніме кермек тамшы тиді жұмсақ, Жып-жылы өтпе жаздың көз жасындай. Жайылған қараңғылық тарапты інге, Тұрсың сен мысық көз Ай қарап кімге? Бойына тыныштықтың қан жүгіріп, Қызығын қиды жастық барақ түнге. Күрең Күз тыныш тапты иіп басты, Балымен арластырып күйікті асты. Суық сөз, кермек тамшы, ыстық ерін, Бұл деген әңгіме емес тиіп қашты. *** ТҮНГІ ҚАЛАДА Тыныштық. Қала. Түнгі ызғар,
Жатқызбай елдің өсегі, -
Сырласым болып жұлдыздар,
Келемін бойлап көшені.

Олар да, көкте ыз бар ма,
Көңілсіз қабақ тұр бағып.
Көбелек көңіл қыздарға, Қараймын мен де ұрланып. Жабайы мысық көзіндей, Айдың да жүзі салқындау. Болмайтын, сірә, сезінбей, Жоғалтқан жазғы қалпын бау. Тіршілік ұзақ, жол қысқа, Ісімде кейбір шу басым. Дауа жоқ екен болмысқа, Кіділеу қыста туғасын. Көз шалды көрініс алағаш, Ұқсайды түрлі елеске, - Шайқалған мастай, ана, ағаш, Көлеңкем менің емес пе?. *** Бауыржан Әліқожаға Мұң-табы бар тірлікте, күрсінбегін, 
Білемін тал бойыңа жыр сіңгенін. 
Жаман емес, жап-жақсы жырыңменен, 
Жастығымды қайталап жүрсің менің. 

Салғанымен сан дертті тезіне мұң, 
Оның әлі-ақ табарсың өзің емін. 
Көзіңнен мен таң шығын көремін де, 
Сөзіңнен мен ақындық сезінемін. 

Мінезбенен Cыр кешті, асты құмды, 
Ар атты шығарма естен басты ұғымды, 
Кеш пе бастан қайықтай қайрандатар, 
Арақпенен уланған жастығымды. 

Жоғалтқан адамдай-ақ баста бағын, 
Әйтеуір, бір елестен жасқанамын. 
Кезімді қайталама қарғам менің, 
Төбелестен жарылған қас-қабағым. 

Тірлікте қысқа жіпке келетінге, 
Ұмытпа жүргеніңді жел өтінде. 
О, інім ақын болып тусақ егер, 
Шығармыз ақын болып өлетін де.   Аманхан Әлімұлының шығармашылығымен кеңірек танысу үшін, ақынның жеке блогына кірсеңіздер болады: http://akikatkaz.kz/redaktor/ немесе facebook парақшасында  https://www.facebook.com/profile.php?id=100007360562723 жауап алмаса аласыздар.

Қатысты Мақалалар