Қазақ журналистері жұдырықтай жұмылмаса, ақпарат алаңында есе жіберіп алады. Тура айтатын "К+"-ті де қудалады, ашық айтатын "Ашық Алаңды" да соттан сотқа сүйреді. "Ассанди-Таймстың" жұмысын тоқтатты. "Аңыз Адам" журналын Гитлер үшін жерден алып жерге салды. Бұлай тырнақ астынан кір іздей берсе, ертеңгі күні Қазақстанда шындықты айтатын журналист қалмайды.