"Әдемі-Айда" байқау. Жүлде қоры - 1 миллион теңге

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

«Әдемі-Ай» ұлттық кәдесыйлар желісі «Этно дизайн қазақ 2030» бірлестігімен бірігіп, Алматы қаласы әкімдігінің, «Елбасы» Тұңғыш Президент қорының қолдауымен «Кәдесый – халық өнері» атты халықаралық өнер байқауын жариялайды

 Байқауға Қазақстанның және елімізден тыс өңірлердегі суретшілердің, шеберлердің, мүсіншілердің т.б. өнер иелерінің жұмыстары қабылданады.

 Байқаудың мақсаты ұлттық кәдесыйлардың жаңа нобайларын ашып, киелі қазақ өнерінің кең қанат жаюына үлес қосып, тың идеялар тудырып, өнер шеберлерінің туындыларын халыққа паш ету. Ұлтымыздың ұлы мұраларын, халық өнері мен мәдениетінің жаңа қырларын ашу.

 Байқаудың өткізілу мерзімі: 1 шілде – 1 қазан аралығы, 2012 ж.

 Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлерінен құрылған әділ қазылар алқасы жұмыстарды іріктеп қорытындысын жариялайды.

 Марапаттау рәсімі 10 қазанда өтеді.

 Жұмыстарды қабылдау орны: Алматы қаласы, Байзақов көшесі 133 б, «Әдемі-Ай» өнер үйі

 Жүлде қоры – 1 000 000 тг және 3 жыл мерзімге «Әдемі-Ай» компаниясымен жеке келісім-шартқа отыру.

 «Әдемі-Ай» компаниясының байқауды өткізудегі алға қойған мақсаттары:

 - Ел арасында жүрген таланттардың еңбектерін жарыққа шығару. Жас таланттардың өнеріне қолдау болу және олардың мейлінше халыққа танымал болуына жағдай жасау.

- Қазақ халқының бүкіл болмысы тұтастай қамтылған кәдесыйлар ойлап табу.

- Халықтың ұлттық өнерге деген сый-құрметін, қызығушылықтарын арттыру.

- Суретшілермен, мүсіншілермен т.б. көптеген өнер адамдарымен тығыз қарым-қатынас, тұрақты байланыс орнату.

-  Барлығының басын қосып, ортақ мүддеге біріге жұмылу.

 Байқау өткізілуге екі ай уақыт қалғанда жұмыстар қабылдана бастайды. Бір ай уақыт ішінде барлық жұмыстар қаралып, сараланып қорытындылау рәсіміне авторлар шақырылады.

 Байқауға мына тақырыптар бойынша кәдесыйға лайықталынып жасалынған жұмыстар қабылданады:

  1. Зергерлік бұйымдар
  2. Қазақ халқының салт-дәстүрі
  3. Живописте, графикада, мүсіндеуде ұлттық идеяның орын алуы
  4. Hand made кәдесыйлар
  5. Ұлы дала мұралары
  6. Туған өлкеге тағзым
  7. Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан

 Осы орайда 7 жүлделі орын тағайындалады. Әрбір жеңімпаз кәдесыйлар нарығының көшбасшысы «Әдемі-Ай» компаниясынан естелік кәдесый және бағалы заттармен марапатталады.

 Қорытынды кеш «Елбасы» Тұңғыш Президент қорының ғимаратында өтеді.  Үлкен көрме ұйымдастырылып, барлық іріктелген жұмыстар көрерменнің назарына ұсынылады. Ары қарай концерттік бағдарламаға ұласады.

 Байқау жайлы ақпарат алдын ала БАҚ-да және компанияның жеке сайты www.ademi-ai.kz сайтында және көптеген порталдарда жарияланатын болады. Барлық қатысушылар тиісті ақпаратпен дер кезінде құлақтану үшін барлық жағдай жасалады.

 Байқауды ұйымдастырушы арнайы топ құрылады.

 Бұл біздің өткеніміз бен бүгініміз, болашағымыз, біздің баға жетпес тарихи мұраларымыз. Біз оларды қашанда көздің қарашығындай қарап, ұрпаққа мәңгі мұра етуіміз керек. Сондықтан байқаудың жоғарғы деңгейде өткізілуіне компания ұжымы барынша атсалыспақ.

 Қосымша ақпарат:

 Байқаудың баспасөз хатшысы – Мадияр Әбілқайыр

 Тел: +77017985568, 87052030777

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар