ДАИШ содырлары мұнай ұңғымаларынан айрылды

/uploads/thumbnail/20170709093824581_small.jpg

Ислам атын жамылған лаңкестер ұйымы Ирак аумағында иелік етіп отырған барлық мұнай ұңғымаларынан айырылып тынды,-деп хабарлайды Qamshy.kz muslim.kz – ке сілтеме жасап.

Ирак әскерінен жеңіліс тауып, шегініп жатқан лаңкестердің қолындағы соңғы мұңай ұңғымасы орналасқан Киркук провинциясы өткен аптада азат етілді.

Бұған дейін Ирак әскерилері ДАИШ (ИШИМ – ҚР аумағында қызметіне заңмен тыйым салынған ұйым – ред.) содырларын Шергат қаласынан қуып шыққан еді. Ал, одан сәл бұрын лаңкестер Мосул қаласының оңтүстігіндегі Эль-Кайярдегі иелігінен айырылған болатын.

Ирак әскері ай соңына таман Ирактағы ИШИМ астанасына айналған Мосул шаһарын шабуылдауға дайындалу үстінде көрінеді. Айта кетейік, Мосул қаласы 2014-жылдың жазынан бері лаңкестер қолына өткен еді

Қатысты Мақалалар