Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОҚО-ны бұған дейін басқарған Бейбіт Атамқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
Ж. Түймебаев 1958 жылы 8 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Қайнар ауылында дүниеге келген. Біраз жыл ғылыми, ағартушылық қызмет атқарған.
1993 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігі жүйесінде істеді.
Әр жылдары Президент протоколында, елшілік, Білім және ғылым министрі қызметтерінде болған. Соңғы атқарған лауазымы – ҚР-ның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі.