Ақтөбедегі лаңкестер ісі сотқа жіберілді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709102305273_small.jpg

Ақтөбеде маусым айында болған лаңскеттік оқиғаға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа тапсырылды. Енді заң алдында 29 адам жауап беретін болады. Араларында сойқан салған 9 содыр бар, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Прокурорлар атышулы оқиғаға қатысты екі жүзден астам сапартама жүргізген. Қазіргі күні тағылған айыптарды сот алдында дәлелдеп шығуға айғағымыз әзір деп отыр. Бір апта бойы қашып жүрген лаңкестерді жалдамалы пәтерде жасырған екі жігіт те жазасыз қалмайды деп сендірді олар. Сондай-ақ, Сириядағы имамдарының уағызына ермей, шабуылға шығудан бас тартқан 18 ақтөбелік те қазір қамауда отыр. Оларға қылмыс туралы алдын ала хабарламағаны үшін айып тағылды. Айта кетелік, содырлар төрт ай бұрын қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасап, 7 адам оққа ұшқан болатын. 30  адам жарақат алды. Ал жат ағымның жетегінде кеткен 18 содырдың көзі жойылды. Лаңкестерге қатысты алғашқы сот отырысының қай күні басталатыны әзір белгіленген жоқ. 

Қатысты Мақалалар