Қыз негізі стюардессе. Олар Алматы-Әбу-Даби рейсінде танысыпты. Бір-бірін ұнатып, көп ұзамай отбасын құрамыз деп шешеді. Қырғыздың қызына ғашық болған ағылшындық оған үйлену үшін ислам дінін қабылдайды деп жазады limon.kg. Дайындығына 6 ай, 200-ден астам адам шақырылған той шетелде, анығын айтсақ, Парсы шығанағындағы Шейх Заид мешітінің қасында өтті. Осы тойды көру үшін Пакистаннан, Үндістаннан, Сербиядан, Кореядан, Африкадан, Филиппиннен келген қонақтар болды. "Жар-жар" әнімен ата-енесінің қасына барып, сәлем салған қыз шетелдіктерді таң қалдырмай қоймады. Қыздың әке-шешесі құдаларына киіт кигізсе, шетелдік құдалар қыздың қалың малын төлепті.
Қырғыздың Жаннасы мен ағылшындық Ибрагим бүгінгі таңда бақытты. Жас отбасы Абу-Даби қаласында тұрады.
Пікір қалдыру