АЛҒЫСТАР. ҒАЖАЙЫП БАТА

/uploads/thumbnail/20170709131949537_small.jpg

 

Алғыстар
Ғажайып бата

Ертеде, ешкі жүні бөртеде бір кедей жігіт түс көреді, түсінде ғажайып іс көреді: әлгі жігіт серкесін “шайт-шайт” деп айдап, семсерін беліне байлап, алыс жолдан арып, шаршап-шалдығып, бір ақбастауға келеді. Шыңында шымыр ақ қар жатқан биік шоқы қозғалып қалғандай болады. Жасыл манат жамылған, ақ сеңсең тымақ киіп, қайыстан бау тағынған ақсақалды ата болып орнынан тұрыпты да күлімсіреп алдынан шыға келіпті. Сонда жігіт иіліп түрып:

Ассалаумағалейкум, сақалды ата,

Айтатын арманымды мақалдата...

“Адал жанға қызыр дос” деуші еді ғой,

Қызыр болып берсеңші батаңды ата -

деген екен. Сонда ақ тымақты ақсақал кеңк-кеңк күліп қолын жайып:

Садағыңмен сауысқанды құтқарма,

Қадамыңмен қашқан жанды құтқарма..

Аңышлықпен көңілің үнемі жай болсын,

Еңбегің мен төрт түлігің сай болсын! -

деп бата беріпті де шегіншіектеп барып шалқалай берген екен. Сөйтіп, қайтадан ақбас тауға айнала қалыпты.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар