А. Мұхамедиұлы Т. Жаманқұловты бостандыққа шығару үшін өтініш бермек

/uploads/thumbnail/20170709140547241_small.jpg

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алынған Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловты босату туралы тергеу органдарына өтініш бермек, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы бірнеше адаммен бірге А. Мұхамедиұлымен кездескен  белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров мәлімдеді.

«Бір топ адам Мәдениет және спорт министрімен кездесіп, ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловты босату туралы өтініш жасадық. Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловты өзінің жеке жауапкершілігіне тапсырып, қамаудан босату туралы өтініш беретінін айтты», - деп жазады Е. Саиров.

Естеріңізге салсақ, 69 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырды деген айыппен Т. Жаманқұлов кеше ұсталған болатын. енді қолданыстағы заңнамаға сәйкес, үш күн ішінде тергеу кезінде қолданылатын бұлтартпау шарасы сот шешімімен белгіленетін болады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар