ҚЫТАЙ КИМ ЧЕН ЫН ЕСІМІН МАЗАҚ ЕТКЕНДЕРДІ ЖАЗАЛАЙТЫН ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709160544611_small.jpg

Қытай халық республикасы әлеуметтік желілерде Корей Халық Демократиялық Республикасы президенті Ким Чен Ынмен физикалық ерекшеліктеріне, жеке басына байланысты мазақ пен әзіл айтылуына тиым салды. «Ким – үшінші семіз» сөзіне ресми цензуралық шектеу келді.

Әлемдік баспасөзде бір түрлілігімен аты танылған Ким Чен Ын Қытайда да көп талқыланатын есімдердің бірі.

Коммунистік режим әмір жүргізетін Солтүстік Корея Ким әулеті жағынан биленіп келе жатыр. Ким Чен Ын осы әулеттің билікте отырған үшінші нәсілі болып табылады.

Қытай халық республикасында жастар жағы Солтүстік Корея президентін елдегі атқарып жатқан саясаттарымен сынап, оның іс-қимылына, түр тұлғасына, дене бітіміне түрлі мазақтар айтты.

Бұны ұната қоймаған Солтүстік Корей билігі ресми түрде Қытайдан бұндай сын-сықаққа әлеуметтік желіде тиым салуды сұраған.

Қытай сәйкесінше ескі одақтасының талабын ескеріп, интернеттегі ең үлкен іздеу жүйесі Байду мен микроблог жүйесі Weibo-да қытай тілінде (金三胖)Jin San Pang деп іздеуге цензура қойды. Аталған сөз «үшінші семіз ким» деген мағына беріп, Солтүстік Корей лидерінің жеке басына бағытталған мазақ сөз.

Айта кетер болсақ, 2014 жылы Ким Чен Ын тұтқындалды деген ақпарат тарап кетіп, расқа айналмай шыққан. Ал, биылғы жылы мамыр айында Ким Чен Ын өлді деген ақпарат тарап, кейіннен Солтүстік Корей президенті ел алдына шыққан болатын.

1952 жыл корей түбегі екіге бөлініп соғысып, нәтижесінде Оңтүстік және Солтүстік Корея мемлекеттері пайда болды. Коммунистік режимдегі Солтүстік Кореяға тек Қытай жақтасты. Ал, Оңтүстік Кореяға НАТО-ға мүше елдер түгелдей әскер жіберген болатын.

Солтүстік Корей Конституциясы бойынша сол кездегі президент Ким Ир Сен – Республиканың Мәңгі Президенті болып табылады. Оның ұлы, қазіргі президенттің әкесі Ким Чен Ирдың КХДР Ұлы жетекшісі деген конституциялық статусы бар.

Еске сала кетсек, президенттің жеке басын конституциямен қорғайтын ерекше статустар Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан сияқты Орта Азия елдерінде де бар. Атап айтсақ, жақында ғана Тәжікстан «Ұлт көсеміне» тіл тигізушілерді 5 жылға қамайтын заң қабылдаған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар