Сәби денесіндегі ересек адам , бр қарасаңыз фантастикалық кино желісінің сюжетіне ұқсайды. Бірақ, бұл суреттегі қыз шынайы өмірде бар, ол Сингапурде тұрады, есімі — Пей Шань Teo. Суреттегі ересек сәби 17 жасқа келген.
Пей Шань дүниеге келгенде дәрігерлер қысқалығына мән берген. Біраз зерттеулерден кейін дәрігерлер қыз балаға мукополисахаридоз III типі — тумысынан бар ауру деен диагноз қойған. Дегенмен, дәрігерлер оның нағыз себебі басқа болуы да мүмкін деп отыр. Басқа емделушілерге қарағанда Пей Шань мүлдем өзгермеген. Ол құдды бір уақыт шеңберінде тоқтап қалғандай, бірақ оның ақылы, жан-дүниесі ересектердікіндей.
Пей Шанның ата-анасы қыздарының тезірек дүниеге келулерін асыға күткен. Олар бала тәрбиесі жөнінде кітаптар мен журналдар оқып, қатты дайындалған. Бірақ, үш айдан кейін қыз баланың өсуі тоқтап қалған. «Әр кез қауіп сейілді деп ойлағанда, тағы бір жаңа ауру шығып, қызымызды титытататын,» — дейді Пей Шанның әкесі.
17 жаста қыз бала сол сәби бейнесінде қалып, денесін май басқан. Ол жүре алмайтындықтан, памперс киіп жүруге мәжбүр болды. Өкпесі әлсіз қыз оттекті маска киіп жүреді. «Біздің бақытымыз трагедияға айналды. Кейде қатты ашуланамын, өткен өмірімізде не істеп қойғанымызды білмеймін. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық» -дейді әкесі.
Қыздың анасы сәбиіне қараумен айналысқан, ол «Мен оның мама деп мені шақырғанын естітінмін, қозғалатынын сезетінмін. Айналамда шу болсада, мен оны сезетінмін, еститінмін» ,- дейді.
Пей Шань, қатарластары сияқты жетік ойлай алмайтын, бірақ ол кішкентай нәрселердің өзіне қуана білетін, көңілді жан болған. Ол сурет салуды және ағылшын тілінде сөйлеуді үйренген, тіпті кішкентай сәби саусақтарымен фортепианода да ойнайды. « Ол кейде басқа балаларға неге ұқсамаймын — деп сұрайтын дейді әкесі. — Біз оған сен ерекше, қайталанбайтын адамсың дейтінбіз, себебі ол қуана білетін, сүйікті телехабарлар, тәтті тамақтардың өзіне балаша қуанатын». Өткен жылы ата-аналары қыздың ең үлкен арманын орындаған — ол қайырымдылық концертіне шыққан.
Өкінішке орай, Пей Шанның жағдайы екі ай бұрын қатты нашарлап кеткен. Ол өзінің өліп бара жатқанына мән берместен, жерлеуінде сүйікті мультфильмі Hello Kitty-ді қоюды өтінген. Осылай емханада көз жұмған.
Пей Шанды білетін көптеген адамдар дәрігерлер мен ата-анасының кішкентай қыздың өмірі үшін жаналаса күрескендеріне таңырқаған Бұл біздің өмір үшін күресуімізге қуат береді. Пей Шань өмірінің көп бөлігін емханада өткізген, бірақ ол бәрін түсінеін. 17 жылдық өмірінде Пей Шанның қайғысынан, қуанышы көп болған деседі дәрігерлер.
Пікір қалдыру