Бұл сұмдықты адамдар «ақырзаман» белгісі деп түсінген

/uploads/thumbnail/20170709161208397_small.jpg

Осыдан бір апта бұрын, Красноярск өңірінің Норильск қаласының Далдыкан өзені қып-қызыл түске боялды. Жергілікті тұрғындар бұл ерекше құбылысты видео мен фото-ға түсіріп, ғаламтор желілерінде таратты. Бірнеше күннен соң, Норильск жайлы бүкіл әлемдік БАҚ өкілдері әңгіме қозғады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Алдын ала тексерудің нәтижесі бойынша өзеннің ластану себебі: «Норильский Никель» тау кен өңдіретін металургиялық компаниясының қоймалжың жеткізгіштерінің жарылуы. Алайда, компания басшылығы бұл мәселеге қатысты өз кінәләрін мойындамай жатыр. Ресей экологиясының министрі Сергей Донский осы жағдайды «Росприроднадзор» басшысына өз қолына алуға тапсырды. Ғаламтор желілерінде бұл құбылысты көрген адамдар «ақыр заманның» белгісі деп түсінді.

Кейіннен, желіде «Надежда» металлургиялық комбинатының бұрынғы қызметкерінің мәлімдемесі пайда болды. Айта кететін жайт, «Надежда» металлургиялық комбинаты «Норильский Никель» компаниясының меншігі болып табылады. Қызметкердің айтуы бойынша қоқыс қалдықтары сақталатын сыйымдылықтар жиі ағып тұрады. Тіпті, қыс кезінде қардың барлығы қызыл түске боялады.

Алайда, «Норникель» басшылығы ешқандай химикат өндірістен бөлінбейді, қоршаған ортаны ластамайды деп айтқан болатын. Қазіргі кезде, Далдыкан өзені қайта өз қалпына келді. Барлығы «ақыр заман» деп түсінген бұл құбылыстың шын мәнінде не себепті болғанын «Росприроднадзор» анықтайтынына сенеміз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар