Нильс Мельцер: Әбіләзов Қазақстанға қайтарылмауы керек

/uploads/thumbnail/20170709184908979_small.jpg

rus.azattyq.org сайтында «БҰҰ арнайы баяндамашысы Франциядан Әбіләзовтің экстрадицияланбауын сұрады» деген материал жарық көрген болатын. «Қамшы» порталы материалды қазақшаға аударып, оқырман назарына ұсынады.

БҰҰ-ның адамға зәбірлік көрсету, қанау мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы Нильс Мельцер Франция билігін қазақстандық экс банкир, оппозиционер Мұхтар Әбіләзовті экстрадицияға бермеуге үндеді (Экстрадиция (фр. extradіtіon – беру, табыстау) – мемлекеттің өз аумағындағы қылмыскерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен немесе сол адамға қатысты шығарылған шетел сотының үкімін орындау үшін оны басқа мемлекетке беруі-авт.). 7 желтоқсан күні Мельцер баяндамасында азап-қорлық көруі мүмкін деген мемлекетке адамды бермеуіміз керек деді.

БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов Францияда қамауда отырғанына үш жыл болды. Ресей менен Украина экономикалық қылмыс бойынша Әбілізовті экстрадицияламақшы. Нильс Мельцердің мәліметіне сәйкес Францияның мемлекеттік кеңесі Әбіләзовтің экстрадициясы бойынша шешімді бүгін қабылдайды. БҰҰ баяндамашысының ойынша Әбіләзов саяси өмірге белсене араласқандықтан, билікке жақпай қалғандықтан туған жерінде қуғынға ұшырап отыр. Қазақстандық түрмеге тоғытылмас бұрын оған қатыгездік қарым-қатынас жасалған дейді Нильс Мельцер.

Нильс Мельцер: «Францияның мемлекеттік кеңес экстрадиция бойынша оң шешімді қабылдаса Әбіләзов бірнеше күн, тіпті бірнеше сағат ішінде Ресейге экстрадициялануы мүмкін. Содан кейін Ресей өз кезегінде Әбіләзовті Қазақстанға тапсыруы, Қазақстанда ол қайтадан азапқа тартылуы ғажап емес».

БТА банкінің бұрынғы басшысы 2013 жылдың жазында Францияның оңтүстігінде қолға түсіп, темір торға отырғызылған болатын. Оны Қазақстанда, Украинада, Ресейде үлкен масштабта ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. Әбіләзов болса кінәні мойындамастан тағылған айыптан саяси астар іздеді.

 

Қатысты Мақалалар